Accessibility links

Ұшақты жармақ болған адамның Әл-Қаидамен байланысы болуы мүмкін


АҚШ Рождество күні ұшақта жарылыс жасамақшы болған нигериялықтың әл-Қаидамен байланысы тексеріліп жатқанын айтады.

Жаңалықтар хабарларында американдық тергеушілер Омар Фарух Абдулмуталлабтың әл-Қаиданың Йемендегі бөлімшелерімен қарым-қатынас орнатқанын анықтады делінген.


23 жасар нигериялық азамат 25 желтоқсан күні Northwest әуе жолдарының Амстердамнан Детройтқа ұшып бара жатқан 290 жолаушысы бар ұшағында жарылыс жасамақшы болған. Жолаушылардың көмегімен бұл әрекеттің алды алынған болатын.


Осы оқиғадан кейін АҚШ президенті Барак Обама әуежайларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге нұсқау берді.

XS
SM
MD
LG