Accessibility links

Тбилиси-Мәскеу бағытындағы әуе қатынасы қалпына келмек


Грузия қаңтар айының 6-ынан бастап Тбилиси мен Мәскеу арасындағы тікелей әуе жолдары қатынасын қайта ашатындықтарын мәлімдеді. Екі ел арасындағы әуе бағыты 2008 жылғы тамыз қақтығысынан кейін үзіліп қалған болатын.


Грузия әуе жолдары компаниясының баспасөз өкілі бүгінге және 30 желтоқсанға жоспарланған чартерлік рейстің Ресей Көлік министрлігінің рұқсатынсыз жүзеге асырылмайтынын айтқан.

Грузия әуе жолдарының ұшағы Мәскеуге Грузияның бөлініп кеткен аймағы Оңтүстік Осетияға қатысты бес күндік соғыс жанжалынан бір күн бұрын - 2008 жылдың 8 тамызында соғы рет ұшқан болатын.

XS
SM
MD
LG