Батыс дипломаттары Иран билігінің Қазақстаннан 1 350 тонна байытылған уран сатып алғысы келетіндігі туралы мәліметтің пайда болуына байланысты алаңдаушылық танытып отыр. Олар мұны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларына қайшы деп есептейді.
Ассошэйтед Пресс агенттігінің барлау қызметі мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, уран саудасы туралы келісім алдағы апталардың бірінде жасалуы мүмкін.
Осыған байланысты Қазақстанның мемлекеттік уран компаниясы – Қазатомпромға, сондай-ақ Қазақстан және Ресей билігіне тиісті хабарлама жолданған, алайда оған жауап болмаған.
Сейсенбі күні Иран Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі келіспеушіліктерді реттеу мерзімі туралы әлем державаларының ұсынысын тағы да қабылдамай тастады.