Accessibility links

Астана: Қазақстан Иранға уран сатпайды


Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев Теһран қазақ уранын сатып алғысы келеді делінген мәліметті жоққа шығарды. Азаттық радиосына берген сипаттамасында Ашықбаев «Қазақстанның уран саласындағы қызметі МАГАТЭ-нің режиміне сай келеді. Сондықтан бұл туралы әңгіменің болуы мүмкін емес» деп мәлімдеді.

Бұған дейін батыс дипломаттары Иранның Қазақстаннан 1 350 тонна байытылған уранды сатып алғысы келетіндігі туралы мәліметтің болуына алаңдаушылық танытқан еді. Олар мұны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларына қайшы деп есептейді.

Ассошэйтед Пресс агенттігінің барлау қызметі мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, уран саудасы туралы келісім алдағы апталарда жасалуы мүмкін.



XS
SM
MD
LG