Accessibility links

Иран оппозицияны басуды күшейтіп отыр


Иран елдегі оппозициялық шерушілерге қарсы жазалау шараларын күшейтіп отыр. Сейсенбі күні тағы 10 адам қамауға алынды, олардың қатарында 2003 жылғы Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебади бар.

Президент Махмуд Ахмадинежад жексенбі күнгі Теһран мен басқа да қалалардағы үкіметке қарсы шерулерді қабылдамай, кемінде 8 адам қаза тапқан жаппай толқуды сионистер мен американдықтар ұйымдастырып отыр деді.

Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттакидің айтуынша, Британия абсурд туралы айтқанын тоқтатпаса, бетіне соққы тиетін болады.
XS
SM
MD
LG