Accessibility links

Ауғанстан жергілікті тұрғындарды НАТО әскерилері өлтірген деді


Ауғанстандағы президенттік делегацияның басшысы сенбі күні Кунар провинциясындағы 10 жергілікті тұрғын шетелдік күштердің қате шабуылында құрбан болды деді. Президент Хамид Карзайдың кеңесшісі Асадулла Уафаның айтуынша, елдің шығысындағы елді мекенде қаза тапқан 10 адамның сегізі мектеп оқушылары болып отыр.

НАТО ресмилері оның алдында бұл қақтығысқа қатысқан әскерлерден түскен мәліметтерге қарағанда, құрбандардың бәрі бүлікшілер болған деген.

Жалалабад қаласында бейбіт тұрғындардың өліміне наразылық танытқан жүздеген адамның шерулері өтті.
XS
SM
MD
LG