Accessibility links

Иран Қазақстаннан уран алмақшы дегенді Теһран жоққа шығарды


Иран Қазақстаннан 1,350 тонна тазартылған уран алуды қарастырып жатыр деген ақпаратты ресми Теһран негізсіз деп атады.

БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне мүше елдің атын жарияламаған өкілінің Ассошейтед пресс агентігіне айтуынша, Қазақстан мен Иран арасындағы уран келісіміне алдағы апталарда қол қойылмақ.

Бірақ БҰҰ-дағы Иран миссиясы бұл ақпаратты негізсіз деп, жоққа шығарып отыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан Ашықбаев елдің уран жұмыстары МАГАТЭ талаптары бойынша жасалуда деген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Иан Келли сейсенбі күні Иранға қандайда бір тазартылған уран беру әрекеті БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларына қайшы келеді деген.
XS
SM
MD
LG