Accessibility links

Иранда үкіметті қолдаушылардың шеруі өтті


Бүгін Теһран көшелеріне мыңдаған үкіметті қолдаушы шерушілер шығып, жексенбі күнгі реформашылдар бастаған жиынды айыптады.

Иранның мемлекеттік телеарналары халықтың бұл демонстрациясы шиитердің қасиетті мерекесі Ашураны кері пайдаланған көтерілісшілерді кінәлап отыр деді.

Иранда өткен жексенбіде шеру өткізген оппозиция қолдаушылары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болып, кемінде 8 адам қаза тапты. Құрбан болғандардың қатарында болған оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің немере інісі бүгін сәрсенбіде Теһранда жерленді.

Иран полициясының басшысы Есмаил Ахмади Моғаддамның айтуынша, шеруге қатысқаны үшін тұтқындалған 500 адамның 300-і қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG