Accessibility links

АҚШ-та қазақстандық бұрынғы хоккейшіні атып кеткен


АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Сталлингс қаласының полициясы сейсенбі күні жергілікті көлік жөндеу
Орталығында орын алған тонау әрекеті кезінде өлтірілген азаматтың кім екені анықталды деді.

20-желтоқсанда өлтірілген адам Қазақстанның бұрынғы тұрғыны әрі хоккейшісі хоккеист Юрий Харутоков (Харитонов атымен де танымал) болып шыққан. Ол Қостанай облысының "Горняк", Алматы облысының “Еңбек”, Павлодар облысының “Ертіс” хоккейшілері құрамасында болған.

Интерфакс агенттігінің жазуынша, АҚШ полициясының өкілі Майк Еуди қаза тапқан адамның Харутоков екені оның саусақ таңбасы арқылы анықталды деген.

Оның айтуынша, Харутоков осыған дейін Монро қалалық сотында ұрлық айыптары бойынша тіркеліп, оның ісі 2009 жылдың қазан айында тоқтатылған. Оның өліміне қатысты Өскемен қаласының тумасы 32 жасар Богдан Руденко күдіктеліп отыр.
XS
SM
MD
LG