Accessibility links

Қазақстан еңбек мигранттары туралы ТМД конвенциясын бекітті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдердің еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны бекіту жөніндегі заңға қол қойды.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл еңбек мигранттарының құқын қорғайтын құжат болады. Сарапшылар бұл конвенция заңсыз мигранттар санын азайтуға көмектеседі деп отыр.

Сонымен қатар, аталмыш заң Қазақстанның еңбек мигранттарының да ТМД-ның басқа елдерінде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Және де бұл құжатта еңбек мигрантын қабылдаған елдің тілі мен мәдениетін үйрену міндетеледі.

Аталмыш конвенцияға қарашаның 14-де өткен ТМД елдері үкімет басшыларының кездесуінде қол қойылған. Қазіргі таңда бұл заңды ТМД елдерінің ішінде бекіткендер Қазақстан мен Белорусь елі ғана болып отыр.
XS
SM
MD
LG