Accessibility links

Ресей-Грузия рейстері 8-ші қаңтарда қайта ашылады


Ресейдің Көлік министрлігі қаңтардың 8-нен бастап Ресей мен Тбилиси арасындағы ұшақ сапары қайта ашылады деп мәлімдеді.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, Грузия әуежолдарының чартерлік рейстері қаңтардың 8-і, 9-ы және 10-да Тбилисиден Мәскеуге ұшатын болады. Және Грузия астанасынан Санкт-Петербургке қаңтардың 9-ы мен 10-ы күндері ұшақ бағыты ашылады.

Ресейдің сыртқы саясат мекемесі Ресей мен Грузия арасындағы тұрақты ұшақ бағыты қайта ашылғанша, келіссөздерді жалғастыру беруге келіскендерін айтты.

Екі ел арасындағы ұшақ рейсі 2008 жылдың тамызындағы қақтығыстардан кейін тоқтап қалған.
XS
SM
MD
LG