Accessibility links

Әзірбайжанда түрмедегі журналистке тағы айып тағылды


Әзірбайжанда түрме жазасын өтеп жатқан журналист Эйнулла Фатуллаевқа жаңадан заңсыз есірткі сақтады деген айып тағылды.

Азаттықтың әзірбайжан қызметі хабарлағандай, «Шынайы Әзірбайжан» газетінің редакторы Фатуллаев жақын күндері колониядан тергеу изоляторына ауыстырылады. Тергеушілер оның камерасынан 0,22 грам есірткі табылғанын айтуда.

Алайда жергілікті адам құқын қорғаушы белсенділер Фатуллаевқа есірткіні әдейі тастаған деп отыр. Журналистің адвокаты Исахан Ашуров Фатуллаевтың ісі Страсбург сотында қаралатын уақыт жақындағанда билік арандатушылыққа барып отыр дейді.

2007 жылы журналист Фатуллаев терроризм қаупін тудырды, салықтан жалтарды, ұлтаралық араздықты өршітті деген айыптармен 8,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Адам құқын қорғаушы белсенділер журналистке қарсы бұл істің саяси астары бар деп айтады.
Амнести Интернэшнл ұйымы Фатуллаевты ар-ождан тұтқыны деп атады.
XS
SM
MD
LG