Accessibility links

Дания полициясы карикатурашының үйіне енбек болған адамды ұстады


Дания ресмилері ел полициясы Мұхаммед ғ.с пайғамбардың суретін әжуалап салған карикатурашының үйіне кірмек болған қарулы исламшыл адамға оқ атып, жаралағанын айтты.

Хабарларға қарағанда, 28 жастағы сомали азаматы қолына балта мен пышақ алып, жұма күні Орхус қаласындағы карикатурашы Кюрт Вестергаардтың үйіне енбек болғанда, қауіпсіздік дабылы қосылған.

Полицияның оғынан қолы мен аяғы жараланған ол күдікті қазірде ауруханада жатқаны айтылды. Оған адам өлтірмек болды деген айып тағылмақшы. 70 жастағы Вестергаард бұл оқиғадан зардап шекпеген.
XS
SM
MD
LG