Accessibility links

Пхеньянда онмыңдаған адам шеру өткізді


Бүгін Солтүстік Кореяның астанасындағы алаңға он мыңдаған адам жиналып, үкіметтің жаңа жылдағы саясатына қолдау танытты.

Қаңтардың 1-і күні мемлекеттік ақпарат құралдарында жарияланған ол мәлімдемені сарапшылар АҚШ-тың жылдық мемлекеттік бірлік жолдауымен теңдей болды деп бағалады.

Онда Құрама Штаттармен жақсырақ қарым-қатынас орнату, елдің ядролық бағдарламасына байланысты Батыспен келіссөздерді реттейтін жолдар және елдегі өмір сүру ахуалын жақсарту уәделері айтылған.

Коммунистік елде жыл сайын үкіметтің жаңа жылдық саясатына қоғамдық қолдауды көрсететін шеру өткізіліп тұрады.
XS
SM
MD
LG