Accessibility links

Иран журналисі алты жылға сотталды


Иранның апелляциялық соты танымал журналист Ахмад Зейдабадидің өтінішін қанағаттандырмады және бұған дейін шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Зейдабади қазіргі ислам республикалық билігіне қарсы насихат жүргізген деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айрылды.

Журналистің ісі, ондаған қоғам қайраткерлері мен оппозиция белсенділерімен қатар, Ирандағы президенттік сайлаудың ресми нәтижелеріне қарсы маусым көтерілісінен кейін сотқа жіберілген болатын.
XS
SM
MD
LG