Даулы ядролық бағадарламасы бойынша кейінгі халықаралық талқылауларда Иранның қойған шарттарымен Франция келіспейтіндігін білдірді.
Теһран бұдан бұрынырақ БҰҰ-ның ядролық отын үшін уран байыту ісін 2009 жылдың соңына дейін аяқтау жөніндегі ұсыныс жобасына жауап бермеген еді.
Ал Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнер уран байтыу ісінде көмелтескісі келетіндерге Теһранның ультиматум қоюы қабылдауға болмайтын жайт деді.
Жақында Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттаки егер Батыс елдері бір айдың ішінде ядролық отынмен қамтамасыз етуге келіспесе, Иран жоғары байытылған уран өндірісімен өзі айналысады деп атап көрсетті.