Accessibility links

Карзай парламентті демалысқа жібермейді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай парламентті қысқы каникулға шықпай-ақ, жаңа үкімет құрамын бекітуді сұрады.


Сенбі күні ауған заң шығарушылары жаңа кабинет қатарына Карзай ұсынған 24 үміткердің 17-ін мақұлдамай қойған болатын. Бұл өткен жылы тамызда болған президенттік сайлаудан кейінгі Ауғанстандағы саяси дағдарысты тереңдете түскендей еді.


Карзай жаңа үміткерлерді бірер күн ішінде дауысқа салуға ұсынатынын айтып, парламентті демалысты кейінге шегере тұруға шақырды.


Ауғанстан парламентінің қысқы каникулы 5 қаңтардан басталуы тиіс болатын.

XS
SM
MD
LG