Accessibility links

Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат ашылды


Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінде биіктігі 800 метрден асатын "Бурж Дубай" мұнарасының ресми ашылуы болды.

Осыған дейін адам қолымен жасалған Тайвандағы 508 метрлік мұнара әлемдегі ең биік мұнара деп саналып келген болатын.

Дубай мұнарасы мыңдаған жұмысшының қолымен бес жыл бойына тұрғызылып, оған 1,5 миллиард доллар қаржы жұмсалған екен. Онда сәнді де жайлы бөлмелері бар қонақ үйлер мен кеңселер келушілерге қызмет ететін болады.

XS
SM
MD
LG