Accessibility links

9/11 ісі бойынша айыпталған Муссауидің шағымы қабылданбады


АҚШ-тың Виргиния штатының апелляциялық соты Закариас Муссауидің шағымын қанағаттандырмады. Муссауи 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіге қатысы бар деп айыпталған еді.

Муссауи айыптаушы жақтың дәлелдері жеткізіліксіз болды, сол себепті бұған дейін шығарылған үкім заңсыз деп есептейді. Алайда апелляциялық сот оның уәждерімен келіспеді.

2005 жылы Муссауи өмір бойы бас бостандығынан айрылды. Қазір ол Колорадо штатындағы түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG