Accessibility links

Клинтон: АҚШ Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын


Құрама Штаттар Иранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізуге әлі де болса дайын деп мәлімдеді дүйсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Сонымен бірге, Клинтон Вашингтонның өзінің одақтастарымен бірге Иранға қысым көрсету тәсілдерін талқылап жатқандығын атап көрсетті. Бұған қоса Ақ үй иран оппозициясы шерулерінің күшпен басылуына байланысты өз алаңдаушылығын тағы да білдірді.

Теһран әлем державалары белгілеген мерзім ішінде - 2009 жылдың аяғына дейін ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге қайтып оралмады.
XS
SM
MD
LG