Accessibility links

АҚШ-тың Йемендегі елшілігі қайта ашылды


АҚШ-тың Йемен астанасы – Санадағы елшілігі сейсенбі күні қайта жұмыс істей бастады. Елшілік террорлық шабуылдың болу қаупіне байланысты жексенбі күні жабылған болатын.

Елшілікті ашу туралы шешім «йемен қауіпсіздік күштерінің ел астанасынан солтүстік аумақтағы антитеррорлық операциясы сәтті өткен соң» қабылданды делінген елшілік таратқан мәлімдемеде.

Хабарларға қарағанда, Йемен күштерінің операциясы барысында «Әл-Қаида» террорлық ұйымының екі мүшесі өлтірілген.
XS
SM
MD
LG