Accessibility links

Ауған депутаттары қысқы каникулды қоя тұрады


Ауғанстан парламенті президент Хамид Карзайдың Жарлығына бағынып, қысқы демалысты кейінге қалдыратын болды.
Бұл жөнінде парламенттің қоғамдық байланысқа жауап беретін өкілі Насиб Нұри мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, жаңа үкімет құрамын дауысқа салуды депутаттар сенбіге белгілеген.

Президент Карзай өткен аптада заң шығарушылар жаңа кабинет қатарына өзі ұсынған 24 үміткердің 17-ін мақұлдамай қойған соң, депутаттарға қысқы демалысты кейінге шегер тұруды бұйырған болатын.

Карзай жаңа үміткерлер тізімі бірер күн ішінде белгілі болады деді.
XS
SM
MD
LG