Accessibility links

Ирақта британдықтарды ұрлады деген күдікті босатылды


Ирақта шииттер тобының жетекшісі Каис аль-Хазали бостандыққа шықты. Ол 2007 жылы Ирақта 5 британдықты ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Ирақ Ішкі істер министрілігі өкілінің сөзіне қарағанда, Каис аль-Хазали Ирақ түрмесіне американдық түрмеден көшірілгеннен кейін көп ұзамай бостандыққа шығарылған.

Британдықтарды тұтқынға алды деп айыпталған Каиса аль-Хазали бастаған топта 5 адам болған. Олардың үшеуі тұтқында қаза болса, біреуінің тағдыры белгісіз.
XS
SM
MD
LG