Accessibility links

Лос-Анджелес соты Роман Поланскидің ісін қарамақ


Калифорниядағы Лос-Анджелес графтығының соты сәрсенбі күні режиссер Роман Поланскидің ісін қарамақ.

Қаңтардың 6-күні Роман Полански мен айыптаушы жақ АҚШ Жоғарғы сотының судьясы Питер Эспинозоның алдына келуі тиіс. Сот өкілдерінің айтуынша, тыңдау отырыстық сипатта болмақ.

Лос-Анджелес округының прокуроры Сэнди Гиббонстың сөзіне қарағанда, режиссердің қорғаушылары судья Эспинозамен кездесуді өздері сұратқан. Алғашында адвокаттар кездесуді жабық есік жағдайында өткізуге ниет білідрген. «Алайда біз бұл ұсынысты жөнсіз деп таптық», - деді Гиббонс.

Оскар сыйлығының иегері 76 жасар Роман Полански 1978 жылы АҚШ-та 13 жасар қызбен жыныстық қатынаста болған деген айыппен халықаралық іздеуде болған. Өткен жылдың қыркүйек айының 26-күні Швейцариядағы кинофестивалге барған кезінде ол қамауға алынған-ды.
XS
SM
MD
LG