Accessibility links

Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстарды көрген жалғыз жапондық қайтыс болды


1945 жылдың тамызында Хиросима мен Нагасакиге жасалған атом шабыулдарынан зардап шеккен жалғыз жапондық Цутома Ямагучи (Tsutomu Yamaguchi) қаңтардың 4-күні асқазанның қатерлі ісігінен 93 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Цутома Ямагучи 1945 жылдың 6 тамызында қызмет бабымен Хиросимаға келген. Дәл сол күні американдық ұшақ қалаға атом бомбасын тастаған еді. Ауыр жарақат алған бизнесмен, Хиросимада бір түн қонып, өзінің туған қаласы Нагасакиге оралған. Алайда 3 күнен кейін АҚШ авиациясы Нагасакиге де атом бомбасын тастады.

Цутома Ямагучи – екі қаладағы атом бомбасының жарылысынан зардап шекті деп Жапон үкіметінің ресми мойындаған жалғыз адамы. Ресми мәлімет бойынша, Хиросимадағы атом жарылысынан 140 мың, ал Нагасакиде – 74 мың адам көз жұмған.
XS
SM
MD
LG