Хабарларға қарағанда, Таиланд билігі қазақстандық екі журналисті қағып өлтірген жүргізушіні ұстады.
“Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің ақпарат орталығының жетекшісі Ирина Голдырева мен “Сезон” журналының бас редакторы Жанна Мушраунова 30-шы желтоқсанда Паттайя курортында жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып кетіп қаза болған. Ол екеуімен бірге болған Жанна Мушраунованың қызы ауыр жарақаттанып, операция жасалды. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Сәрсенбі күні “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне хабарласқан Ирина Голдыреваның күйеуі Таиландтағы демалысқа апарған туристік фирмаға сілтеме жасап, ол жүргізушінің сейсенбі күні ұсталғанын айтқан.
Қазақстанның Таиландтағы консулдығы бұл оқиғаны өз бақылауына алады деп елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген. Қазақстандық екі журналистің соңында екі баладан қалды.