Accessibility links

Канада әуежайларда тексеруден өткізетін сканнер орнатпақшы


Канада үкіметі АҚШ-тың сұрауы бойынша елдегі әуежайларда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, адам бойын суретке түсіретін сканнерлер орнатуға нұсқау берді.

Канаданың көлік тасымалы агенттігінің өкілі бұл сканнерлер тек Құрама Штаттарға ұшатын жолаушыларды тексеруден өткізеді деді. Ресмилердің айтуынша, Канада әуежайларында барлығы 44 сканнер пайдаланылады.

Бірінші болып Канаданың Торонто әуежайы және ақпан айында олимпиадалық ойындар өтетін Ванкувер әуежайы жолаушыларды сканнерден өткізеді.
XS
SM
MD
LG