Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 4 бала қаза болды


Ауғанстанның шығысында мина жарылысынан төрт бала қаза болып, бірнеше кісі жараланды. Жарақат алғандар қатарында НАТО әскерлері де бар.

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, жарылыс өтіп бара жатқан полиция көлігі минаға түскенде болды. Министрлік бұл шабуылды террорлық акті деп атап, оны бүлікшілер қойған болуы мүмкін деді.

Провинция басшысының өкілі Зия Абдулзай қаза тапқан балалар жол жөндеп жатқандарға барған әскерлердің жанында жүрген деді.

НАТО әскерилері өздерінің 9 сарбазы осы жарылыстан жараланғанын айтты.
XS
SM
MD
LG