Accessibility links

Гондураста бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер тұтқындалуы мүмкін


Гондурастың бас мемлекеттік айыптаушысы Луис Руби Жоғарғы соттан елдегі бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерді тұтқындауға рұқсат беруін сұрап отыр. Прокуратура олардың былтырғы маусым айында президент Мануэль Селайяны орнынан кетіруге алып келген мемлекеттік төңкеріске қатысы бар дейді.

Луис Руби «қызметін асыра пайдаланды» деп айыптап отырғандардың арасында қарулы күштер жетекшісі генерал Ромеро Васкес Веласкес, әскери әуе күштеріның басшысы Венансио Сервантес және флот басшысы Луис Хавьер Принс бар.

Гондурастың Жоғарғы соты бұл адамдарды тұтқындауға ордер беру не бермеу туралы шешімді 3 күннің ішінде қабылдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG