Accessibility links

Ұшақ жармақ болған деген күдікпен ұсталған Нигерия азаматына айып тағылды


Өткен жылдың 25 желтоқсанында жолаушы тасымалдайтын ұшақты жармақ болған деген күдікпен ұсталған нигериялық Умар Фарук Абдулмуталлабқа АҚШ заң орындары ресми айып тақты. Оған авиалайнердің ішінде болған 289 адамның өміріне қастандық жасау, жаппай қырып-жою қаруын пайдалану секілді жиыны алты бап бойынша айыптар тағылды.

23 жасар нигериялық азаматты Амстердамнан Детройтқа ұшып бара жатқан ұшақтың ішінде жарылғыш заттың іске қоспақ болған деген күдікпен ұшақтағы өзге жолаушылар ұстаған болатын.

АҚШ президенті Барак Обама үкіметте террорлық шабуыл жасау әрекетінің алдын алуы үшін жеткілікті ақпараттың болғандығын айтып, арнайы қызметтің жұмысын жақсартуын талап етті.
XS
SM
MD
LG