Accessibility links

Ұшақ жармақ болған нигериялық Йеменде радикалды діндармен кездескен


Желтоқсанның 25-де американдық ұшақты жармақ болды деген айып тағылған нигериялық Умар Фарук Абдулмуталлаб Йеменде радикалды діни қайраткер Анвар әл-Аулақимен кездескен.

Бұл туралы Йемен премьер-министрінің қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша орынбасары хабарлады. Оның айтуынша, тергеулер барысы Абдулмуталлабтың АҚШ-та туған, тегі йемендік діндармен кездескенін көрсетіп отыр.

Кейбір хабарларға қарағанда, ол діндар 25-ші желтоқсан қарсаңында болған әуе шабуылдарынан қаза болған.

Ақ үй бейсенбі күні кешкісін ол астыртын әрекетті ашқан мәліметтерді жариялап, президент Барак Обама мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG