Accessibility links

Қытайды көгілдір отынмен Орта Азия газ құбыры тұрақты қамтамасыз етеді


Орталық Азиядан Қытайдың солтүстік-шығысындағы Үрімжіге дейін табиғи газ жеткізетін 1,833 шақырымдық құбыржолы тағы 10 күннен кейін тұрақты түрде іске қосылады деп сәрсенбі күні Шыңжаң ұйғыр автономиясының астанасындағы ресмилер хабарлаған.
"Әзірге қысым төмен болып тұр, сол себепті біз газ айдауды көтере алмай отырмыз" деген Үрімжі қалалық газ тасымалы мекемесінің ресми өкілі.

Қытайдың табиғи газ алатын бірінші үлкен “Қытай-Орта Азия” құбыржолы Түркменстан мен Өзбекстан шекарасынан басталып, Өзбекстан орталығы мен Қазақстанның оңтүстігі арқылы Қытайға жеткізіледі. Бұл құбыржолынан табиғи газ 31-ші желтоқсан күні Үрімжіге келіп жеткен.

Қытайлық ресмидің айтуынша, Үрімжі жылына 3 млд текше метр газ алуды көздеп отыр. “Қытай-Орта Азия” құбыржолының газын ең бірінші болып Үрімжі қаласы иеленіп отыр.

Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы Қытайдың басқа да қалаларының қажетін өтейтін үлкен құбыржобаларын қарастырып жатыр. Қытай астанасына “Қытай-Орта Азия” құбыржолының газы қаңтардың ортасына таман жетуі мүмкін делінген компания таратқан мәлімдемеде. Бірақ шамамен қанша жететіні айтылмады. Бейжің тұтынатын көгілдір отын көлемі өткен қысқа қарағанда қатты көтеріліп, айына 53 млн текше метр газға жеткен. Қытай астанасы үшін Орталық Азияның энергия көзінің келуі өте маңызды болып табылады. Аймақта ауа температурасы соңғы жылдармен салыстырғанда қатты төмендеп, қар қалың түсіп отыр.
XS
SM
MD
LG