Accessibility links

Терроризм бойынша айып тағылған нигериялықтың соты өтеді


Жұма күні Детройтта АҚШ-қа баратын ұшақты жармақ болды деген күдікпен айып тағылған адамның соты өтеді.

23 жастағы нигериялық Умар Фарук Абдулмуталлабқа осыған дейін Амстердам-Детройт бағытындағы ұшақты жармақ болған әрекетіне қатысты терроризм бойынша 6 айып тағылды.

Онда адам өлтіруге тырысты және жаппай қырып-жоятын қару пайдаланбақ болды деген айыптар бар. Егер оның айыбы дәлелденсе, ол өмірлік түрме жазасын алады.

Абдулмуталлабтың ұшақта жарылыс жасамақ болған әрекетінен кейін Құрама Штаттарға баратын барлық ұшақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолаушылар сканнерден өтетін болды.
XS
SM
MD
LG