Accessibility links

Хорватия президенті Косовоға барады


Хорватияның қызметінен кетіп бара жатқан президенті Стипе Месич жұма күні біркүндік сапармен Косовоға барады деп хабарланды.

Хорватия 2008 жылдың 17-ші ақпанында Сербиядан тәуелсіздік жариялаған Косовоның тәуелсіздігін бір айдан кейін мойындаған. Загреб пен Приштина сол жылдың маусым айында дипломатиялық байланыстарын орнатқан.

Хорватияның Косово егемендігін мойындамаған Сербиямен де екіжақты байланыстары басым бағытта дамыған.

Приштинаға сапарында Месич Косово жетекшілерімен кездесіп, парламентте сөз сөйлейді деп күтіліп отыр. Ол сондай-ақ Приштинаның құрметті азаматы деп жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG