Accessibility links

Көкшетаудың мыңдаған тұрғыны сусыз қалды


Көкшетау қаласының мыңдаған адамы құбыржолында болған апаттан сусыз қалып отыр.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, апатқа құбырлардың әбден ескіруі себеп болған. Бұл аймақтағы аяз күшейіп, 40 градусқа дейін төмендеген.

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының тұрғыны 125 мыңнан асады. Құбырды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Халыққа ауыз су көліктермен жеткізілуде.
XS
SM
MD
LG