Accessibility links

Қытай шахтасындағы өрттен 12 кенші қаза тапты


Қытайдың батысындағы көмір шахтасында өрт шығып, 12 адам қаза болған.

Синьхуа агентігінің хабарына қарағанда, Цзянси провинциясындағы Мяошан шахтасындағы өрт жұма күні басталып, кеншілерді іздеу шарасы түні бойы жалғасқан. Құрбан болғандардың денесін жер бетіне сенбі күні ғана алып шыққан.

Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, өрттің шығуына электр жүйесіндегі ақау себеп болған.
XS
SM
MD
LG