Accessibility links

Еуропада қыс қаһарынан қиындықтар туып отыр


Бүгін Еуропада ауа-райының қолайсыздығынан туындаған бірнеше қиындықтар жайлы хабарлар түсіп жатыр. Германиядағы өте қатты қарлы боранға байланысты ел билігі адамдарды азық-түлік пен ауыз су қорын көбірек жинап алуға шақырды.

Британияға соңғы 30 жылдағы ең қатты қыс келіп, өнеркәсіпте көгілдір отын тапшылығын тудырған. Францияда қалың түскен қардан бірнеше пойыз жолы жабылып қалып, елдің оңтүстігіне электр энергиясы жетпей жатыр. Португалия астанасында екі метро аялдамасы өткен түнде үйсіздердің панасына айналған. Норвегияда ауа температурасы 42 грдаусқа дейін төмендеген.

Польшада соңғы екі тәулікте аяздан 9 адам үсіп өліп, қараша айынан бері бұл елдегі ауа-райының суытуынан құрбан болғандар санын 139 адамға жеткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG