Accessibility links

Саудабаев Ауғанстанға қатысты Лондон конференциясына қатысады


Қазақстанның мемлекеттік хатшысы әрі сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қаңтардың 28-де Лондонда өтетін Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияға қатысады.

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлап, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Британиядан шақырту алып отыр деді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы кезінде Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақтылыққа баса назар аударылады деп күтіліп отыр. Лондон конференциясына 60 елдің өкілдері қатысады.

Қазақстан 2010 жылдың басынан ЕҚЫҰ-на төрағалықты алған.
XS
SM
MD
LG