Accessibility links

Махачкалада террорлық топтың жетекшісі өлтірілді


Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің Дағыстандағы департаменті хабарлағандай, Махачкалада жүргізілген операция барысында осы аймақтағы террорлық топтың жетекшісі Мадрид Бегов өлтірілді. Ол ФҚҚ-ның полковнигі Зулкаид Каидовқа қастандық жасады деген күдікпен іздеуде болған.

Хабарларға қарағанда, осыған дейін ОМОН бөлімшесінде қызмет еткен Бегов 2004 жылы құқық қорғау органдарынан кетіп, Мысырда оқыған. Кейін Дағыстан аймағындағы жауынгерлерге қосылған.

Жексенбі күні бірнеше содырмен бірге қамауда отырған Бегов қашпақ болғанда, оны атып тастаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG