Accessibility links

Ресейде қылмыстыларға қарсы жазаның жаңа түрі енгізіледі


Ресейде бүгіннен бастап қылмыс жасағандардың еркіндігі шектеліп, оларға қарсы үй қамауына алу жазасы қолданыла бастайды деп хабарлайды ИТАР- ТАСС агенттігі.


Жаңа жыл қарсаңында Ресей президенті Дмитрий Медведев 10 қаңтардан Қылмыстық және Қылмыстық атқару кодексіне өзгерістер енгізетін заңға қол қойған болатын.


Жаңа заң бойынша бостандықты шектеу, оның ішінде екі айдан төрт айға дейін үй қамауында ұстау орта дәрежедегі қылмыс үшін негізгі жаза болып табылады.


Қылмыс үшін бостандықты шектеу жазасы Қылмыстық кодекске 1996 жылы енгізілгенімен, оның жүзеге асырылуы тиісті заңның жоқтығынан кейінге шегеріліп келген еді.

XS
SM
MD
LG