Accessibility links

Того үкіметі футбол құрамасы елге оралуы тиіс деді


Того үкіметінің басшысы Жильбер Унгбо футбол командасы тезарада елге қайтуы керек деді. Ол тоголық құрамаға жасалған шабуылдан кейін, жарысқа Того атымен қатысу үлкен қателік болады деп айтты.

Осының алдында ғана Тогоның футбол командасы өздерінің тобына қарсы жасалған қанды шабуылға байланысты үкіметтің оларды жарыстан шығарғанына қарамастан, Африкан ұлттарының кубогіне қатысуға шешім қабылдаған.

Бұл туралы AFP ақпарат агенттігіне хабарлаған команда өкілі Томас Доссеви Того ойыншылары бүлікшілердің шабуылынан құрбан болған үш адамының құрметіне Анголадағы ойындарға қатысатындықтарын айтқан.

Жұма күні Анголада Того футболистерінің автобусы бүлікшілдердің торуылына түсіп, атыстан үш адам қаза тапты. Олар команданың бір мүшесі мен баспасөз хатшысы және автобус жүргізушісі болды. Тағы жеті адам жараланды.

Осының алдында Того үкіметі футбол командасы шабуылдан кейінгі жағдайларына байланысты жарысқа қатыса алмайды деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG