Accessibility links

Иво Йосипович Хорватия президенті болып сайланды


Хорватияда ел президентін сайлаудың екінші турында оппозиция үміткері Иво Йосипович жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 60,3 пайыз дауысын жинады. Жеңімпаздың қарсыласы – Загреб әкімі Милан Бандичке сайлаушылардың 39,7 пайызы дауыс берді.

Йосопович сайлау алдындағы науқанда сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күреске қосылуға және Хорватияны 2012 жылы Еуропа Одағына кіргізуге уәде берді.

Сайлаудың жеңізпазы Хорватияны бес жылдық екі мерзім басқарған Стип Месичті алмастырады.
XS
SM
MD
LG