Accessibility links

КХДР халықаралық келіссөздерге оралуының шарттарын атады


Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы бойынша көптарапты келіссөздерді жалғастыру үшін өз тарапынан қойылатын шарттарын жариялады. КХДР СІМ-нің дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде зымыран және ядролық сынақтарынан кейін Пхеньянға қарсы енгізілген санкциялардың күші жойылуы тиіс делінген.

Сонымен бірге, Солтүстік Корея 50-ші жылдары Кореядағы соғыстың аяқталуына орай қабылданған бітімгер құжаттың орнына бейбіт келісім-шарттың қабылдануын қалап отыр.

АҚШ болса КХДР-мен арадағы қарым-қатынастың реттелуінің бір кепілі ретінде бұл елдегі адам құқығына қатысты жағдайдың жақсаруын атады. АҚШ-тың Пхеньянға жіберілген арнайы елшісі Роберт Кинг бұл жағдайды «ерсі» деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG