Accessibility links

Қанат Саудабаевтың Венаға сапары басталды


Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Венаға ресми сапары басталып отыр деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Саудабаев Аустрияның еуропалық және халықаралық істері бойынша министрі Михаэл Шпинделеггермен және Аустрия президенті Хайнц Фишермен кездеседі деп күтілуде.

Сонымен қатар Саудабаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан жолы" кітабының таныстырылымында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстан атынан ресми шара өткізіледі.

Қанат Саудабаевтың Аустрияға сапары қаңтардың 15-де аяқталады.
XS
SM
MD
LG