Accessibility links

Ангола полициясы екі күдіктіні қамауға алды


Ангола полициясы Тогоның футбол бойынша командасына жасалған шабуылға қатысты екі күдіктіні тұтқындады. Ангола ұлттық радиосының хабарлауынша, екі күдікті Конгодағы Кабинда анклавында қамауға алынған.

Жұма күні шабуылға ұшыраған Того футбол құрамасы еліне қайтты – ұлттық құрама Африка кубогы жолындағы жарыстарға қатыспайды.

Футболшылар мінген автобус Анголаның Кабинда провинциясында жікшілдердің шабуылына ұшыраған болатын. Қастандық әрекеттен үш адам қаза болды, сегіз кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG