Accessibility links

Страсбург соты бейсенбіде «ЮКОС» шағымын қарайды


Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот 14 қаңтарда «ЮКОС» мұнай концернінің Ресейден 98 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етуі туралы шағымын талқылайды.

«ЮКОС» ел билігі негізсіз салықтар салу арқылы компанияның тақырға отыруын қолдан ұйымдастырды деп есептейді. Концернге салық түрінде 19 жарым миллиард және айыппұл түрінде шамамен 9 миллиард доллар төлеуге мәжбүр етті. 2006 жылы «ЮКОС» өзінің тақырға отырғаны туралы жариялады.

Концерннің негізін қалаушы және жетекшісі Михаил Ходорковский қаржы қылмыстарына қатысқан деген айыппен 8 жылдық түрме жазасын өтеуде. Қазір Мәскеуде Ходорковскийге қарсы екінші процесс жүріп жатыр – оған мұнай ұрлаған және ақша жымқырған деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG