Accessibility links

Йемен немістерді ұрлағандармен келіссөз өткізуде


Йемен үкіметі германиялық отбасын ұрлағандармен байланыс орнатты. Бұл туралы Йемен сыртқы істер министрі Абу-Бакр әл-Кебрд хабарлады бірақ ол басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Осыдан бір күн бұрын Йеменге күтпеген жерден Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле барған болатын. Оның айтуынша, Йемен үкіметі әлгі ұрлықшылардың қайда екенін біледі. Германиялық отбасы өткен жылдың маусым айында ұрланған-ды.
XS
SM
MD
LG