Accessibility links

Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы мақсаттарын белгілемек


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жаңа төрағасы Қазақстан 2010 жылғы осы ұйымдағы мақсаттарын белгілемек. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бейсенбі күні Венада Тұрақты кеңестің отырысында мәлімдеме жасайды деп хабарланған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының интернеттегі парақшасында. Саудабаевтың мәлімдемесінің алдында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнетаспа арқылы жолдауы көрсетілмек.

Қазақстан аталған ұйымға бір жыл төрағалық ететін болады, ал 2011 жылы бұл ұйымды Литва басқармақ.
XS
SM
MD
LG