Accessibility links

Қырғыз оппозициясы аштық акциясын бастайды


Қырғызстанда сәрсенбі күні оппозицияның аштық акциясы басталады. Бұл туралы оппозициялық Бірлескен халық қозғалысының саяси бюросы хабарлады.

Наразылық акциясының өткізілуіне бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың сегіз жылға түрмеге кесілуі түрткі болып отыр. Исаковқа қорғаныс министрлігіне қарасты пәтерді өзінің ұлына берген деген айып тағылды.

Қырғыз оппозициясы саяси тұтқындарды қорғау комитетін құрды. Белгілі адам құқығын қорғаушы Топчубек Тургуналиев басқаратын комитетке ұлттық парламенттің бірқатар депутаттары, оппозиция жетекшілері және журналистер мүше болып кірді.
XS
SM
MD
LG