Accessibility links

Оппозиция өкілдері жер шетелге жалға берілмесін дейді


Бүгін Алматыда «Азат» ЖСДП басшылығы – Жармахан Тұяқбай, Болат Әбілов, Әміржан Қосанов Қазақстан жері Қытайға қандай жолмен болса да (аренда, субаренда, сату, т.б.) берілмесін деген мәлімдеме жасады.


«Біздер бәріміз Қазақстанның 1 миллион гектар ауылшаруашылық мақсаттағы жерін Қытайға беру мүмкіндігі туралы билік көтерген тақырып қоғам наразылығын тудырғанының куәсі болдық»,- деп басталатын мәлімдемеде жаңа жер Жер кодексін әзірлеп, қабылдау қажеттігі туралы айтылады.

«АЗАТ» ЖСДП Алматы қаласында 30-қаңтарда қазақстанның жерін шетелдік мемлекеттерге беру мүмкіндігіне қарсы халықтық наразылық митингісін өткізетіндігі туралы мәлімдейді» деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың желтоқсан айының басында шетелдік инвесторлар кеңесінде Қытайдың 1 миллион гектар ауыл шаруашылық жерін сұрап отыр деп айтқаннан кейін бірқатар саяси күштер наразылық білдірген болатын.

XS
SM
MD
LG